You are here

Ресейде WorldSkills Hi-Tech III ұлттық чемпионаты өтеді

Printer-friendly versionPDF version

hitech.worldskills.ru, 23.09.2016

Ағымдағы жылғы 30 қазаннан 3 қарашаға дейін Ресейде 26 жетекші өнеркәсіптік холдингтің 250-ден астам байқауға қатысушының қатысуымен WorldSkills Hi-Tech III ұлттық чемпионаты өтеді.

Анықтама үшін: WorldSkills Hi-Tech — жоғары технологиялық салалардағы кәсіптік шеберліктің жыл сайынғы чемпионаты. Чемпионат халықаралық стандарттар бойынша өткізіледі және 28 жасқа дейінгі жас жұмысшылардың дағдыларын және кәсіптік шеберліктерін жоғарылатуға бағытталған. 

WorldSkills Hi-Tech Чемпионаты өнеркәсіптік кәсіпорындардың басты назарын тарта отырып, жыл сайын ауқымды болуда (2014ж. – 159 қатысушы, 2015ж. – 250 қатысушы).  Шамамен 300 тәжірибелі ресейлік және шетелдік сарапшы-шеберлер 2016 жылы қатысушыларды 27 құзырет бойынша бағалайтын болады.