БНҚ

«Орта білім берудің мазмұны мен оны басқаруды жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдері мен жоғары білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» тақырыбы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

Бағдарламаның мақсаты: орта білім берудің мазмұны мен оны басқаруды жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдері мен жоғары білім беруді дамытудың ғылыми – әдістемелік негіздерін әзірлеу. 

Күтілетін нәтижелер

Ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

  • академиялық ортада функционалдық сауаттылықты түсіну, қабылдау анықталады;
  • функционалдық сауаттылықты дамытудағы оқу бағдарламалары мазмұнының ерекшеліктері айқындалады; 
  • студенттердің функционалдық оқу және математикалық сауаттылығын бағалау шеңбері әзірленеді;
  • халықаралық салыстырмалы зерттеулер шеңберінің тәжірибесі бойынша студенттердің функционалдық оқу және математикалық сауаттылығын өлшеу бойынша тест тапсырмалары ұсынылады;
  • жоғары оқу орындарында студенттердің функционалдық сауаттылығын бағалау үшін әдістеме әзірленеді;
  • ЖОО студенттерінің функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған ақпараттық жүйенің прототипі болады;
  • зерттеу нәтижелерін талқылау бойынша екі семинар өткізіледі;
  • ҚР БҒМ БҒССҚК немесе ЖАК ұсынған отандық және шетелдік рецензияланатын журналдарда және (немесе) нөлдік емес көрсеткішпен Scopus немесе Web of science (CA) халықаралық базаларымен индекстелетін халықаралық журналдарда мақалалар жарияланады;